ҚСКҚ 16 қыркүйекте Алматы қаласында ҚСКҚ өкілдерімен өңірдегі кәсіпкерлердің өкілдерінің қатысуымен іскерлік таңғы ас ұйымдастырды. Кездесуде салық бойынша өзекті және проблемалық мәселелер талқыланды, ауызша кеңестер алынды, сараптамалық пікірлер айтылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, одан әрі тығыз ынтымақтастық үшін байланыс орнатты.