2021 жылдың 21 қыркүйегінде Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан салық кеңесшілер қауымдастығының басқарма төрағасы Карин Сакен Абуханович мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Алтынбаев Әли Сапарғалиұлының кездесуі өтті.
Кездесу кіріспе сипатта болды, онда тараптар ведомстволық және сарапшылық қоғамдастық арасында тиісті ақпаратпен, салықтық әкімшілендіру және салықтық әдістемемен алмасу бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимылға ниеттерін растады.
Кездесуге сонымен қатар салықтар бойынша сарапшылар мен блогосфера өкілдері Екатерина Ким мен Балакешова Айжан қатысты.