2019 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының басшылығы мен мүшелерінің бірінші бірлескен отырысы өтті.

2019 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының басшылығы мен мүшелерінің бірінші бірлескен отырысы өтті.

Кездесудің тақырыбы: «Салықтық әкімшілендіру барысында тәуекелді басқару жүйесін қолдануға байланысты мәселелерді талқылау».  

Мемлекеттік кірістер комитетінің шақырылған өкілдері атынан Мемлекеттік кірістер комитетінің талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы Нұрғожаев Дәурен Бірлікұлы сөйледі. Ол Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығының басшылығына шақыруына алғысын білдірді, сондай-ақ ТБЖ тетіктері және Комитет өзінің қызметінде пайдаланатын халықаралық тәжірибе туралы айтты.
Сөз сөйлеу барысында Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының өкілдері тарапынан ТБЖ ережелерін қолдану кезінде туындайтын қиындықтар, салық жүктемесінің коэффициентін есептеу ережелері және жүйедегі басқада кемшіліктері жайлы сұрақтар қойды. Комитет өкілдері барлық мәселелерді тіркеп, оларды жұмысқа алуға уәде берді. 
 
Кездесуді қорытындылай келе, басқарма төрағасы Карин Сәкен Абуханұлы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдеріне отырысқа қатысқаны үшін және тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысты толғандыратын мәселелерді талқылау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
Екі тараптар ҚСКҚ және МКК алаңдарында осындай кездесулердің пайдалылығы мен қажеттілігі туралы пікірді қолдады.