Қонаев қаласының мәдениет үйінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - Мемлекеттік кірістер департаменті) алаңында «Салық, шындықтары» атты брифинг өтті, оған Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мен басқада түрлі компания жетекшілері, кәсіпкерлер қатысты. Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығы:
- Қазақстандағы резидент емес заңды тұлғалармен жұмыс және MLI пайдалану;
- БКМ қолдану, пилоттық, жоба;
- Әлеуметтік кодекс;
- камералдық бакылау;
- салық, төлеушілердің мәмілелеріне сотқа шағымдану тәжірибесі;
- салықтық, тексерулер;
- ҚҚС қайтару атты салаларды қамтып өтті.
Брифинг Қонаев қалалық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Исканованың қолдауымен өтті.
Кездесуге келген спикерлер:
Ануар Молдагулов - салық тексерушісі, «TAX-EXPERT.KZ» ЖШС Салық агенттігінің басшысы;
Оксана Марченко - аудитор, «Tax Consulting» компаниясының ЖШС басшысы;
Татьяна Тюлекбаева - аудитор,
Қарағанды облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің жанындағы келісім комиссиясының, мүшесі, «ACCOUNT» ЖШС
басшысы;
Александр Каплан - заңгер,
«KAPLAN, LEE & PARTNERS» заң кеңсесінің басқарушы серіктесі;
Исканова Гүлжан - Алматы
облысының есепшілер клубының негізін қалаушысы;
Шахизат Жайлаубаева - Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит бөлімінің бас маманы;
Данияр Атимов - Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы.
Отырыс модераторлары: КАНК Басқарма төрағасының орынбасары Оксана Марченко.
Алматы облысы бойынша кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы
Алмагүл Алмабек.