8 мамыр күні Ақтау қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы жанындағы ШОБ дамыту комитетінің төрағасы Карин Сәкен Әбуханұлы мен Қазақстандық Салық кеңесшілерінің қауымдастығы мүшелерінің Маңғыстау облысының кәсіпкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ҚСКҚ сарапшылары келесі өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады:
– Салықтық құқықтық қатынастарда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолданудың ерекшеліктері,
– Жүктерді тасымалдау жүкқұжаттары мен жол парақтарын рәсімдеу тәртібі,
– Бизнесті бөлшектеу және декларациялау,
– Камералдық бақылау бойынша хабарламаларға жауап беру тәртібі,
– ҚҚС және жеңілдіктерді қолдану ерекшеліктері,
– Шегерімдер және оларды құжаттық рәсімдеу,
– Маркетплейстер арқылы сауда жасаудағы салықтық есепке алу және тағы басқа маңызды мәселелер.

 Баяндамалардан кейін кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне қатысты сұрақтар қойып, сарапшылардан нақты түсіндірмелер мен ұсыныстар алды.
 Талқылау мазмұнды әрі пайдалы болды, бұл аймақ кәсіпкерлері мен салық кеңесшілері үшін маңызды тәжірибе алаңына айналды.

 Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұстапаев Рашит Тұранұлына және Палата ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Салық кеңесшілері мен бизнес өкілдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы бастама – жемісті жалғасын табарына сенеміз!

https://youtube.com/shorts/U-mbYtj1PHU?feature=share