2022 жылдың 9 тамызында салық салу саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін Маңғыстау облысы әкімдігінде, Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығының өкілдері, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесті. Кездесуге өңірдің бизнес өкілдері де қатысты.
Күн тәртібі бойынша талқыланған сұрақтар:
- салықтық әкімшілендіру сапасы;
- Нұр-сұлтан қаласы бойынша келісім комиссияларының мысалында мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы салық органдарының талаптарын қарау бойынша келісім комиссияларының жұмыс тәжірибесі;
- халықаралық салық салудың ерекшеліктері;
- қосымша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне уақтылы қою;
Бизнес тарапынан қойылған сұрақтар:
КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелерді жоюға қатысты, егер кәсіп жүргізілмесе және кірістер болмаса; бағанның қате толтырылуына байланысты ЭШФ деректерінің өзгеруіне байланысты проблемаларға қатысты: төлем тәсілі және МКД және ҚСКҚ тарапынан басқада сұрақтарға жауап алынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығы мен Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті @mangystaumkd12 арасында ынтымақтастық мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізілді.
Осы мақсатта ҚСКҚ өкілі Жанабекова А.И. Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Байсын Т.Ә. мырзаға салық мәдениетін және аймақтағы салық төлеушілердің сауаттылығын арттыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумді табыстады.
Сондай-ақ, ҚСКҚ мен өңірлік кәсіпкерлер палата басшысының орынбасары бастауымен Айтжанова А.Т. арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Тараптар болашақта Маңғыстау облысының кәсіпкерлері үшін салық салу саласында бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу туралы келісті.