Хабарландыру!
Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Қазақстан қалаларында «Жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша ашық есік күні»республикалық акциясын өткізеді.
Өздеріңіз білетіндей, жалпы декларацияның үшінші кезеңіндегі салық төлеушілер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімі жақындап келеді.
Бұл ретте азаматтар мен бизнесте салық заңнамасының нормаларын қолдану тәртібі, қолда бар мүліктер мен міндеттемелерді дұрыс көрсету тәртібі, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде салық декларацияларын толтыру тәртібі бойынша көптеген мәселелер туындайды.
Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының сарапшылары жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша тегін кеңес беру мақсатында салық төлеушілерді қабылдауды жүзеге асыратын болады.
Кеңес беру аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында көрсетілетін болады.
Науқан жоғарда көрсетілген қалалар тізімі бойынша ағымдағы жылғы 22-24 мамыр аралығында жалғасады.