Көптеген адамдар соңғы жылдары мемлекеттік кірістер органдарының мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін сотқа шағымдануының қарқын болғанын біледі.
Айтарлықтай уақыт ішінде мұндай талаптарды қанағаттандыру пайызы 99%-ға жетті. Әрине, мұндай статистикамен адал салық төлеушілер сот процестерінің орбитасына жиі тартылды. Осындай шешімдердің нәтижесінде адал кәсіпкерлер өздерінің мердігерлерінің немесе қосалқы мердігерлердің салық ауыртпалығын көтерді.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында Мемлекеттік кірістер департаменті жанынан жарамсыздық белгілері бар мәмілелер бойынша материалдарды сотқа дейін қарау үшін келісім комиссияларын құру туралы шешім қабылданды.
Осы комиссиялардың негізгі мақсаты – отырыстар барысында Мемлекеттік кірістер органдарының пікірі бойынша жарамсыздық белгілері бар салық төлеушілер арасындағы мәмілелер бойынша материалдарды мемлекеттік кірістер органының осындай мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз беруі үшін жеткілікті негіздердің болуы тұрғысынан қарау.
Комиссия Мемлекеттік кірістер органдарының, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен және салық бойынша тәуелсіз мамандардан тұрады.
2021 жылғы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы Келісім комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Жаңартылған комиссия құрамына Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының заңгері Амантаев Азамат Жомартұлы енді @amantayev.azamat
Отырыста жарамсыздық белгілері бар екі салық төлеушінің мәмілелері бойынша материалдар қаралды. Мемлекеттік кірістер органдары осындай талап-арыз беру қажеттілігін негіздейтін мамандардың қорытындыларын ұсынды.
Алайда, материалдарды қарау барысында Қауымдастықтың заңгері нақтылаушы сұрақтар қойды және материалдарды сотқа жіберу үшін Мемлекеттік кірістер органдары өкілдерінің қолында бар ақпараттың жеткіліктілігіне қатысты ескертулер айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша жасалған мәмілелердің жалғандығы не бүркемелігі белгілерін көрсететін неғұрлым сенімді дәлелдемелер алу үшін салық төлеушілерден қосымша құжаттарды талап ету туралы шешім қабылданды.
Адал бизнестің мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.