Сонымен, осы аптада Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен «Жалпыға бірдей декларациялау бойынша ашық есік күні» Республикалық акциясына Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының мүшесі болып табылатын 20 компания басшылары қатысты.
Акцияның нәтижесі біздің барлық күткенімізден асып түсті. Біздің сарапшылар Қазақстанның түрлі қалаларындағы он сегіз аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларынан жүзден астам азамат пен кәсіпкерлік субъектілерін қабылдады.
Акцияға қатысушыларға жалпыға бірдей декларациялауға қатысты түрлі сұрақтар, сондай-ақ жеке тұлғаларға салық салуға қатысты басқа да сұрақтар келіп түсті.
Осы акцияның арқасында біз өзіміздің азаматтық ұстанымымыз бен Қазақстандағы салық мәдениетін арттыруға бейілділігімізді көрсеткіміз келді.
Біз осы бағыттағы жұмысты өз бірлестігіміздің жаңа жобаларында жалғастыра береміз!