2025 жылғы 18 тамыз күні сағат 15:00-де Zoom форматында жалпы декларациялау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Талқыланған маңызды тақырыптар:
жеке тұлғалардың табыстарын, активтері мен міндеттемелерін салықтық есептілікте көрсету міндеттері;
мәліметтерді дайындау және растау тәртібі;
бағалы қағаздар мен цифрлық активтерді есепте көрсету ерекшеліктері және басқа да өзекті мәселелер.
Спикерлер:
Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығының мүшелері;
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салалық бөлімшелерінің мамандары.
Салық кеңесшілерімен кәсіби диалог жүргізгені үшін Кусаинова Дина Қабдылманапқызына ерекше алғыс білдіреміз.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, маңызды сұрақтар қойғандары үшін алғыс айтамыз.
Дөңгелек үстелдің толық жазбасын YouTube-арнамыздағы сілтемеден (профильдің жоғарғы бөлігінде) көре аласыз.