ЖАЛПЫ ДЕКЛАРАЦИЯ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 3 қыркүйек күні сағат 15:00-де Zoom форматында «Цифрлық активтер мен бағалы қағаздар бойынша өзекті мәселелер және практикалық аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шараға қатысқан сарапшылар:
    •    Талғат Әділов – ҚР ҚМ МКК цифрлық активтерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.
    •    Айгүл Аббасова – ҚР ҚМ МКК Салық әдіснамасы басқармасы басшысының орынбасары.
    •    Оксана Марченко – ҚСКҚ Басқарма мүшесі, «Альянс МарКо» ЖШС директоры, кәсіби бухгалтер, аудитор, салық кеңесшісі.
    •    Александр Репников – ҚСКҚ мүшесі, «Жинақтар және инвестициялар» мекемесінің жетекшісі.
    •    Людмила Репникова – ҚСКҚ мүшесі, «Жинақтар және инвестициялар» мекемесінің серіктесі.
    •    Наталья Янцен – ҚСКҚ мүшесі, «Yantsen Company» ЖШС оқу орталығының жетекшісі.

 Кездесу барысында жалпы декларациялау, цифрлық активтердің салық салынуы және бағалы қағаздармен операцияларға қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, практикалық мысалдар талқыланды.