Салық кеңесшісі деген кім?
Салық кеңесшісі - салық органы мен салық төлеуші арасында білікті делдал ретінде әрекет етеді.
Салық кеңесшісінің қызметтері салық заңнамасын түсіндіруден, ағымдағы және инвестициялық қызметте салықты жоспарлаудан бастап, салық клиенттеріне кешенді қызмет көрсетуге дейін: салық тәуекелдерін жою мақсатында салықтық тексеру, салық есебі, салық саясатын әзірлеу, салық және сот органдарында клиенттің мүдделерін білдіру.
Салық кеңесшілеріне біліктілік емтихандары болуы керек пе ?
Дамыған елдерде және ТМД елдерінде «Салық кеңесшісі» біліктілігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыру керек. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін салық кеңесшісіне үміткерлердің білімі мен дағдыларын сәйкестігін тексеретін біліктілік комиссиясы құрылады.
Емтихан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында және кәсіби қызметке қатысушылардың өзін-өзі реттеу процесін тиісінше жүзеге асыру үшін жүргізіледі.