Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының кезекті көшпелі конференциясы

17 шілдеде ҚСКҚ резиденттері арасынан қомақты "десант" Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласына жіберіледі, онда өңірдің Кәсіпкерлер палатасының, ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының, ШҚО СМАС судьяларының, сондай-ақ облыс прокуратурасы басшылығының қатысуымен ҚСКҚ мүшелерінің бизнеспен дәстүрлі кездесуі өтеді.

Кездесуде біздің сарапшылар өз тәжірибелерімен бөліседі және кездесуге қатысушылармен салық салу саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды, онда мынадай тақырыптар қозғалады: салықтық әкімшілендіру кезінде АӨК сақтау қажеттілігі, БКМ чектері бойынша мәселелер, жалпыға бірдей декларациялау, салық органдарының талап-арыздары бойынша проблемалық мәселелер, салықтық қылмыстар, бөлшек салық, Әлеуметтік кодекс, камералдық бақылау және келісу жұмыстары жарамсыздық белгілері бар мәмілелерді сотқа дейінгі қарау жөніндегі комиссиялар.

ҚСКҚ-ы келесі сарапшылар ұсынады:

Амантаев Азамат - "Finex-Audit" ЖШС-ң заң практикасы бойынша серіктесі;
Ануар Молдагулоа - “Налоговое агенство “TAX-EXPERT.KZ” ЖШС-ң басшысы;
Марченко Оксана - «Tax Consulting Company» ЖШС-ң басшысы;
Янцен Наталья – «Yantsen Company» ЖШС-ң басшысы;
Киржибаева Мадия - «KAZLED» ЖШС-ң басшысы;
Еспенбетова Рита -  «Finex- Standart» аудиторлық компаниясының құрылтайшысы;
Макова Анастасия - «Макбух» ЖШС-ң басшысы;
Есжанова Гульнур -  «Финансы_cons» ЖШС-ң басшысы;
Абилова Гульжан - ТОО «АудБух» ЖШС-ң басшысы;
Құдайберген Ғабитжан -  «GK & Partners» заң фирмасының басқарушы серіктесі.

Кездесудің модераторы - ҚСКҚ Басқарма Төрағасы Карин Сакен.

ШҚО бизнес өкілдері баннерде көрсетілген нөмір бойынша ҚСКҚ мүшелерімен кездесуге тіркеле алады.