2025 жылғы 28 наурызда ҚСКҚ Басқарма Төрағасының төрағалығымен «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы Президиумы жанындағы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың тақырыбы – Үкімет бастамашылық еткен салықтық реформаны талқылау болды.
Отырысқа ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Жаркенов Т.З., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, салалық бизнес-қауымдастықтардың басшылары, кәсіпкерлер және сарапшылар қатысты.
Талқылау барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет ұсынған бастамалар бойынша өз есеп-қисаптарын ұсынды. Жүргізілген талдау Үкімет жанындағы жұмыс тобы бұрын ұсынған негіздемелердің дәлсіздігін көрсетті. Сонымен қатар, ұсынылған реформаны іске асыру бизнес үшін айтарлықтай теріс салдарларға алып келуі мүмкін екені атап өтілді.
Отырысқа қатысқан Мәжіліс депутаттары – мырза Стамбеков Е.Д. және мырза Кошмамбетов А.А. – Үкіметтің қазіргі бастамалары шұғыл қабылданып жатқанын және елдің ұзақмерзімді экономикалық мүдделерін ескермейтінін айтты. Әсіресе, B2B секторында арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салу бәсекелестіктің әлсіреуіне және кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келуі мүмкін екені атап өтілді.
Бизнес-қауымдастықтар мен сарапшылар тарапынан салықтық әкімшілендіруді негізсіз күшейту мен заң шығару тәртібінің бұзылуы туралы да сын-пікірлер айтылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Комитет төрағасы Мәжіліс Аппараты мен Заңнама бөліміне Комитеттің ұстанымын ескеруді сұрай отырып, ресми үндеу жолданатынын хабарлады.