Дәстүрлі түрде кездесуге мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы, облыс прокуратурасының өкілдері, МАӘС және МАЭС судьялары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы және өңірлік бизнес өкілдері шақырылды.
Конференцияның мақсаты - қатысушылармен салық салу саласындағы түрлі кейстермен және жинақталған тәжірибемен бөлісу.
Конференцияға мемлекеттік органдар өкілдерінің белсенді қатысқанын ерекше атап өткім келеді: төрт судья, Қарағанды облысы бойынша МКД басшысының орынбасары, сондай-ақ МКД құрылымдық бейіндік басқармаларының басшылары, облыстық прокуратураның өкілі қатысты.
Айтпақшы, олар келіп қана қоймай, біздің баяндамашыларымыздың сұрақтарын белсенді талқылап, түсіндірді.
Конференция менің ойымша сәтті өтті. Салықтық құқықтық қатынастар саласының түрлі өзекті мәселелері айтылды. Оларды қатысушылар әртүрлі позициялардан талқылады, сондай-ақ олар бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді, жауаптар алынды.
Конференция әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді, жазба біздің ИInstagram және Facebook аккаунттарымызда сақталды.
Конференцияға басқа қалалардан ұшып келген ҚСКҚ резиденттеріне Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліскені үшін жеке алғыс айтқым келеді.
ҚСКҚ кезекті конференциясында кездескенше!