ҚСКҚ Басқарма Төрағасының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі отырыста ШОБ дамыту комитетінің төрағасы ретінде сөйлеген сөзі

2025 жылғы 27 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкіметтің бюджеттік-салықтық реформасына қатысты бастамаларын талқылауға арналған отырыс өтті. Аталған кездесуде НПП «Атамекен» Президиумы жанындағы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы болып сайланған ҚСКҚ Басқарма Төрағасы депутаттар алдында сөз сөйледі.

Комитет атынан сөз сөйлеген Төраға бизнес-қоғамдастықтың бірнеше маңызды мәселе бойынша ұстанымын жеткізді:

ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру және ҚҚС бойынша есепке қою шегін 5 есеге төмендету шағын бизнеске теріс әсер етуі мүмкін. Егер ҚҚС бойынша шегерім механизмі болмаған жағдайда, бұл салық айналымнан алынатын салыққа айналуы ықтимал. Сонымен қатар, кәсіпкерлер бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін туындайтын жанама салықты тауар мен қызметтің өзіндік құнына енгізуге мәжбүр болады, бұл өз кезегінде табыстың төмендеуіне, кәсіпкерлік белсенділіктің азаюына және бизнестің көлеңкеге кетуіне әкелуі мүмкін.

Арнаулы салық режимін (АСР) B2B секторында қолдануға тыйым салу да шағын бизнеске айтарлықтай соққы болады. Бұл кәсіпкерлерді заңды тұлғалармен жұмыс істеу үшін бизнесті жасанды түрде бөлшектеуге итермелеуі ықтимал. Реформа әзірлеушілерінің АСР арқылы салықты заңсыз оңтайландыру жүріп жатыр деген уәжі нақты есептермен дәлелденбеген. Керісінше, ұсынылған мәліметтер қалыпты шаруашылық қатынастардың бар екенін көрсетеді.

Салықтық режимдерді терістеу арқылы емес, салықтық әкімшілендіру құралдары арқылы заңбұзушылықпен күресу қажет. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдарының қолында барлық қажетті құралдар бар.

Сөз соңында, жаңа Салық кодексі жобасында ұсынылған – арнаулы салық режимін B2B секторын қоса алғанда, кең ауқымды кәсіпкерлерге қолдануға мүмкіндік беретін – тәсілді сақтау аса маңызды екені атап өтілді.

Видеоға сілтеме