Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының барлық мүшелерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

20 желтоқсан 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандық салық кеңесшілер қауымдастығының барлық мүшелерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Қазақстандық салық кеңесшілерінің қауымдастығы (ҚСКҚ) 2019 жылы 17 маусымда ерікті өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде құрылды.

Бүгінгі таңда ҚСКҚ-тың он үш заңды тұлғалардан және жеке кәсіпкерлер ұйымдарының салық кеңесшілерінен құралады.

ҚСКҚ жарғысында бекітілген құқықтарды іске асыра отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және 18-бабына «Өзін-өзі реттеу туралы» сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитетіне және Ұлттық экономика министрлігіне келесі бағыттар бойынша ҚСКҚ-мен ынтымақтастық орнату ұсынылды:

  1. Отырыстарға, жұмыс топтарына қатысу және «Салықтық кеңес беру туралы» Заңды және салық заңнамасын әзірлеуге және қабылдауға байланысты мәселелерді талқылау.
  2. Салық практикасын және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану тәртібін талқылау;
  3. Барлық салық қызметтерін цифрландыру бойынша жұмыстарға қатысу, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары, салық кеңесшілер мен салық төлеушілер арасында ақпарат алмасуды жақсарту;
  4. Сотқа дейінгі тәртіпте салық төлеушілер арасында туындаған даулы жағдайларды талдау және т.б.
  5. Салық саясаты мәселелерін, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында салық заңнамасын қолдану тәртібі туралы әдістемелік мәселелерді талқылау;

ҚСКҚ мамандандырылған органдарының жұмыс жоспарлары келесі бағыттар бойынша талқыланды:

•        Этика  және бағалау комитетінің қызмет сапасының басшысы – Садвакасов Мади Талгатович

•        Сертификаттау және оқыту комитетінің басшысы  – Молдагулов Ануар Равильевич

•        Әдістеме және заң нормасын шығару комитетінің басшысы  - Құдайберген Ғабитжан Баянқұлұлы

•        Салықтық кеңес беру және сыртқы байланыстарды дамыту комитетінің басшысы – Карин Сакен Абуханович

Басқарма Төрағасы Карин С.А. – ҚСКҚ-ның жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы және 2019 жылғы шығындары туралы есеп берді. Сондай-ақ ҚСКҚ мүшелері қауымдастықтың 2020 жылға арналған жұмыс жоспарларын тыңдады.

Қауымдастықтың барлық мүшелеріне ҚСКҚ мүшелігі туралы куәлік қағаз және корпоративті белгілері бар төсбелгілер табысталды.